Главная » Статьи » Статьи |
КӨШБАСШЫ
Менің екі отбасы тұратын көгершіннің тұмсығындай үйінде әкемнің портреті мен Елбасының портреті тұрады. Кітап қазыналарымның арасында ұлы қамқоршының философиялық кітаптары да бар. Өзім және немерелерім оқимыз. Мен көптеген көркем повесть, роман, драмаларды жазған Тәуелсіз Қазақстандағы ұйғыр жазушысымын. Тәуелсіз отанымның көркеюіне өзімнің үлесім бар деп мақтанамын. Елбасының өнер иелеріне жүктеп отырған міндеттердің бәзбірін орындадым. Ол шарапатты міндет: Қазақстан халқының достық қарым-қатынасы, қажырлы еңбегі жайында еді... Мен – қазақстандықпын. Қазақстан азаматымын. Біз – қазақстандықтармыз. Бұл ұсынған формулаңызды қолдап, мақтанышпен айтамын. Әрине, өзінің бірден-бір тарихи атамекенін қашан да қорғай білген ұлы қазақ халқының арасында бүгінгі тәуелсіз елде әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған қазақстандықтар еркін, азат өмір сүріп отыр. Шынымды айтсам, осы тәуелсіздік нұрлы жылдар ішінде Елбасымен іштей сырласып жүрген едім. Бір рет және 2013 жылы ҚР Мемлекеттік стипендиясын тапсыру марапатында Елбасы алдында сөйлеген едім. Бұл менің өмір дерегімнің мазмұнын байытқан тарихи ақиқат. Елбасындай халқының перзенті болған азаматтың көңілі түскен ұлттардың бірі болғанымды өзіме құт тұттым. Қазақстандық көне түркілер ұйғыр халқының ұлы ретінде, ақсақалы ретінде жаңа Отанымда қалам ұстап, Қазақстан халқының достығын, тірлік, татулығын жазып жүрген қалам сахибы екенімді айтқан едім. Бұл кездесудегі әсерімді «Инсанилық дәптеріме» жазып қойғаным бар. Қазан айында өткен «Нұр Отан» ХДП XV құрылтайында Елбасы баяндама жасады. Мұқият тыңдап, әр сөзінің мән-мағынасына қарап отырып, өзіміздің данышпан халқымыздан шыққан осындай ұл бар екеніне, ұлы қамқоршы бар екеніне ерекше қуандым. Әр сөзі – үлкен іс-шара, бағдарлама. Бұның барлығы Қазақстан халқының бақытты өмір сүруі үшін болып жатқан құтты іс. Ашығын айтсам, Елбасынан өмір жасым әлдеқайда үлкен. Танылған қайраткер, білетінім де, көргенім де көп. Алайда өтірігі жоқ, мен Елбасынан көп нәрсені үйрендім. Ұйғыр түркілері Отанның қадірін біледі. Мен Отан деген өзіңді еркін сезінген жерде екенін; мен Отанды сүю оның үлкендігімен емес, керісінше, өзімдік болғандықтан сүйе білуге үйрендім. Елбасы халқымның жүрегін баурап алғаны айқын. Елдің қасиетті, құтты перзенті, барлығымызға пейіштен де артық ортақ Отанымызды берді. Мемлекетіміз қамқоршысы – зиялысының жанпида еңбегінің бағасын тарих толқынындағы, ұлт мәдениетінің кіндік тұлғалары біздің ұрпақ, бүгінгі ұйғыр халқы, ұйғыр зиялылары, дихандары беруде. Бостандық пен демократия – ұлы игілік. Отанымыздағы демократия өз көзқарасымызды, ойлау жүйемізді түбегейлі өзгертті деп айта аламын. Ол адамдардың пікіріне құлақ асу, ойындағысын ашық айтуына, сөйтіп өзін еркін сезінуіне жағдай жасалды. Қай Қазақстан азаматының да бұл дүниеге терезесі тең болып тұрғанын мойындау деген сөз. Тұңғыш һәм мәңгі Президентіміз барлық уақытта тың жүреді. Менің нұрлы көзіме әрқашан жас көрінеді. Сұңғақ, ширақ, сергек адам. Елмен, халықпен, зиялы қалам сахибтерімен ашық ой-пікір бөлісіп тұрады... Бұл қасиетіне сүйсінемін. Қазақтың ұлы перзентінің ерекше бір қасиеті қашан көрсем де сыпайы, көңілді, кейде қатал, талап ететін қайсар адам болып көрінеді. Оның орасан зор қабілетті таланты әрдайым өз мақсатын дәл белгілеп, оған жетер жолдағы әрекетін дәл танитындығында деп бағалаймын. Таңғажайып саяси қайраткер, әлемнің тағдырына тигізген үлкен ықпалын қалай бағаламаймыз! Нұрекең қазақтың ең таңдаулы ұлдарына лайық қарапайымдылық пен адамгершіліктің үлгісін көрсетіп келе жатқан ұлы инсан. Ол халқының тіршілігін егжей-тегжейлі жетік білетініне қайран қалам, әрі риза боламын! Ол кісі сіз бен біз сияқты нан жейді, шай ішеді, ән айтады, домбыра шертеді... Ұқсас өмір. Бірақ ойлары ше? Мүлде өзгеше. Біз көбіне бір отбасының тағдырын ғана ойласақ, ол кісі күллі он жеті миллион Қазақстан халқының қамын ойлайды емес пе?! Біз тыныш ұйықтаймыз. Ал, Елбасы тыныш ұйықтай ала ма? Бұл маған белгісіз. Иә, солай! Үлкен жұмыс, үлкен міндет атқарып жүрген адамда тәтті ұйқы бар ма екен, жоқ! Қайғы деген бар ма екен, бар! Жетіп тұр. Бұл әлемде менің Елбасыма тең келетін Президент жоқ. Даңқыңыз асып, шарапатыңыз төгіле берсін! Ол кісі айтса да, не бұйырса да, әміріңізге құлдық. Өзіне тең келер ешкім де, ештеңе де жоқ. Мен солай ойлаймын. Біз үшін, Қазақстанда тұратын көп ұлт өкілдері үшін мемлекеттік тәуелсіздік, ұлттық тұтастық, рухани кемелдік ұғымынан биік тұратын не бар? Өзге ештеңе жоқ. Осы бағытта жүргізіп келе жатқан Елбасының сындарлы саясатын өркениет жолындағы іргелі елдердің бәрі де бағалап отыр. Қазақстан халқы бірлік-берекені, татулықты, тұрақтылықты бәрінен жоғары қояды. Ел зиялылары, ел ардақтылары, өнер адамдары, қалам қайраткерлері осы бағытта халықты ізгілік, жақсылық жолына қарай бастап келеді деп сенемін. Ұлтаралық мәселелер құры ұран емес, іс жүзінде жүзеге асырылған іс-шаралар Қазақстанда ұлтаралық ашық қақтығыстар, тартыстар жоқ. Шүкір, тәуба! Үлкен ақиқат – қазақ халқының күрделі әлеуметтік мәселелері шешілді, шешіліп келеді. Соның арқасында өзге ұлттардың да мәселесі шешілуде. Бұған шүкір! Елбасы диаспоралар мен этностық топтардың этномәдени дамуы үшін кең жағдайларды жасай отырып, мемлекет құраушы қазақ ұлтын, оның Қазақстан қоғамын біріктіруші қызметін, әлеуметтік және қуатын мақсатты түрде жан-жақты дамыту мен жаңғыртуда. Бұған көзіміз жетті. Отанымызда нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне, сеніміне қарамастан, әр ұлттың, адам және азаматтық құқықтары мен бостандықтары тең. Отанымызда шағын ұлттық топтардың да мәдени-рухани құқықтарына кепілдік беруде. Біз: «Қазақстан – менің Отаным» дейтін көпұлт өкілдері Қазақстан халқын жікке бөлуге, ұлттық және діни алауыздықты, өшпенділік пен араздықты өршітуге бағытталған әрекеттерді тоқтатуға күш-қуатымыз әбден жетеді. Саяси салада болса Қазақстанның халықаралық беделін күшейту біз қазақстандық ғажайып этностардың ортақ міндеті екенін ұмытуға болмайды. Біздің Отанымызда сіз бен біздің ұлттық намысымыз, олардың тілін, мәдениетін және діни сенімін құқықтық қорғауды қамтамасыз етуде. Бұл өте қуанышты шара. Рухани-мәдени салада да болса елдің барлық тұрғындарына мемлекеттік тілді (қазақ тілін) игеру үшін жағдай жасауда. Ұлтаралық келісім, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін насихаттау жолға қойылған. Меніңше, қазақстандық ұлттар мен этностардың негізгі міндеті: азаматтарды қазақстандық патриотизм, Отансүйгіш рухына тәрбиелеуге арнайы мән беріп келеміз. Ортақ Отанның рухани негізі ретінде ұйғыр жастарын қазақ тілі мен қазақ мәдениетін, қазақ тарихын, Қазақстан тарихын сыйлау рухында тәрбиелеу, білім беру біздің міндетіміз. Жас ұрпақты еліміздегі ұлттық қауымдастықтардың тарихын, мәдениеті мен тілін, олардың рухани құндылықтарын сыйлау рухында тәрбиелеуге өте үлкен көңіл бөліп, бұл салада жұмыс істеп келеміз Ұрпақ – ұлт ертеңі дейміз. Ұйғыр ұрпақтары, оқушыларымыз үшін қазақ тілі – ана тілі деуге әбден болады. Елбасының халық үшін атқарып жатқан әрбір ісі ғасырға да, мыңжылдыққа да татиды деп айтқан болар едім. Соның нәтижесінде еліміз аман, жұртымыз тыныш. Қазақстан халқының еңсесі көтерілді. Менің ұлтым Елбасы сыйлаған киелі жерден, дархан даладан, қасиетті Қазақстанның елінен бір қадам ары кетпеді. Отбасын тастап, қаңғырмады. Сабырлық ұстады. Ауыр жылдары мен де Алматыдан туған ауылыма кеттім. Қалам ұстаған қолыммен кетпен де ұстадым. Қазақ жеріне бас иіп, жұмыс істедім. Ол менің бақытты жылдарым еді. Жерлестерім қазақ-ұйғыр дихандарымен он жыл бірге болдым. Он жыл ішінде олардың арзу-армандарын, Отан деген жылы жүректен шыққан сөздерін естідім. Олар үшін Отанды сақтап қалу құры шеруге шығумен емес, тек еңбек етумен сақтап қалуға болады деген еді менің жерлестерім. Мен бұған сенемін. Бұл үлкен жетістік. Адал еңбек етуге кең һәм сара жол ашылды. Қазақ-ұйғыр дихандарының жағдайы қазір түзеліп келеді. Бұл мені қуантады... Тағы да ілгері жылжу басталды. Бұл да дихандар үшін үлкен қол жетім жетістік. Ұйғыр дихандары бала-шағасымен қолына кетпен ұстап, жер суғарып, трактормен жер жыртып, астық жинап, мивалы бау-бақша өсіруден бас тартқан жоқ. Қандастарым жиіркенішті ұрлыққа, алдап-арбауға, жемқорлыққа бармады. Бұны мақтан тұтамын. Құлқынының құрбаны болмады. Жат елге өз қандастарының маңдай терімен жинаған теңгесін жымқырып қашпады, кетпеді... Ата Заңымызға бағынып, бақытты да бейбіт өмір сүріп келеді. Қазақстан туын ұстап, Әнұранымызды бар дауысымызбен, ұйғыр авазы дауысымен айтып, бақытқа бөлендік десем қателеспейтін шығармын. Ілгері жылжу жалғаса берді... Дүниеде қазақ деген ұлт біреу, қазақ елі біреу, қазақтың дархан жері біреу. Демек, оның ұлттық болмысы, салт-санасы, әдет-ғұрпы барша қазаққа тән, оның ғажабы мол рухани қазынасы да бөліп-жаруға жатпайтын ортақ байлық... Елбасы көп ұлтты ел бола отырып, халықтар арасындағы достықты, тыныштықты сақтауға батыл қадам басқанын біліп-көріп, өзге ұлттар да ауызбірлігімізді сақтап келеміз. Бұл – ақиқат! Шын мәнінде толыққанды тәуелсіздік пен мемлекеттік орнату абройы бізге еліміз, халқымыз бұйырғанын мақтанышпен айта аламын. Тұңғыш Президент бірден саясатты өзгертіп, өркениетті Қазақстанды елдер қатарына қосылуға қадам басты. Қазақ елі демократиялық жүйеге тез бет бұрды. Қазақстандықтардың бостандығын әперіп, азат етті. Сөз бостандығын, бас бостандығын алып берді... Тәуелсіз Отан қолымызда. Құт, бақыт келді. Әрине Тәуелсіздікті сақтап қалу, оны нығайту одан да қиын болды. Көпұлтты қазақ елі, қазақстандықтар Елбасының бұл саяси жолда батылдығын, көпұлтты елдің жұмыла қолдауымен сақтап қалдық. Бұл – ақиқат. Елбасы болса экономиканы тұрақтандырды, нығайтты... Енді бізге өркениет кеңістігінен өз орнымызды табу үшін биік мәдениетті халық болып, күшті мәдениетті жасай алатын күшті ұлттар болуға жұмыла кірісуіміз керек. Қазақстанда ішкі бірлігі, ұйымшыл-татулығы мықты ұлттар жасайды. Ел бірлігін нығайтатын ұлттық мәдениет, әдебиет пен өнердің, дәстүр мен әдет-ғұрыптардың орны ерекше әлбетте. Бұл мәселеде де Елбасы бізді бір орында тапжылмай тұрып қалмауызды қаламайтыны бізге мәлім. Қазір Елбасы жаңа заманғы қазақтың озық мәдениетін әлемдік мәдениеттің құндылықтарымен үндестіру үшін данышпандық пен жігерлі қарекет етуде. Ұлтты күшейтудің бірінші жетістігі әрине тіл екенін білеміз. Өйткені толыққанды тілсіз, толыққанды ұлт болу мүмкін емес. Қазақ халқы – өзге ұлттардың сый-құрметіне ие халық. Қазақ халқы – мемлекеттің негізін құрушы, оның тағдырына жауап беруші, төзім мен сабырлы мінез көрсетіп, ортақ үйіміздегі өзге ұлт өкілдеріне өнеге көрсетіп, барлық істе бастамшы, иман нұрлы болып келе жатқанына шын ниетімізбен ризамыз. Тағдыр Қазақстанды көпұлттыққа еріксіз алып келді. Қазақ оған да көнді. Ал біз, өзге ұлт өкілдері қоғамымызда кикілжіңді болдырмауды да, тілдерді бірінен бірін ұлы тіл деп бөлінуге қазақтардың өзі қадағалап отыруда. Ұлтаралық ахуалы орнықты ел болғаннан кейін біздің ұлт әрдайым өз намысын, өз өкілі болып тұрған елдің намысын қорғауды Елбасынан үлгі, ибрат алып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті – Қазақ Елінің ұлттық символы. Оның бірлігінің кепілі... Көне қазақ тарихынан бері тұңғыш рет біздің Астанамызды, Елордамызды орнатып, бүкіл дүниені таң қалдырды. Астана көздің жауын алатын, көркі ұмытылмас жылы әсер қалдырады. Бұл тарихта қалатын алып шаһарды Елбасындай заманауи Отансүйгіш азаматының ғана қолынан келетін тәбәрік іс деп ойлаймын. Әрқашан Астанаға келгенімде мен әулие қаланың тұрған жеріне тізерлеп жылжып барып: «О, Аллаһ, бұл мәшһүр қаланы дұшпанның қылыш-найзасынан мәңгі сақтай гөр!» деп Астананы дүние-әлемге көтеріп, көрсетіп тұрған киелі қазақ жеріне бас иемін. Мұндай кезде көзіме қуаныш, жүрегімді жалын билейді... «Қазақ не деген бақытты түркауи халық!» деп өз ұлтыма ішкі тебіреністе қайта-қайта айтып келемін. Расында да Астана әлемнің қолдан жасалған жаңа ғаламаты. Мұндай сұлу, әдемі шаһарды ХХІ ғасырда Қазақ Елінің тұңғыш Президенті салды. Бұл – тарихи шындық. Мен Астана шаһарын бір айналып көріп шықсам, қасиетті Харам ішіндегі Қағбаны айналып шыққандай сезінемін... Жоқ, жоқ! Бұл Мекке-Мәдине де емес. Бұл – қазақтың Астанасы. Иә, солай!.. Қазақ-ұйғырдың тамыры бір, көне түркішілерміз. Тарихтан келе жатқан мәңгі достығымыз Орхон, Селенга, Толу дәрия бойларында, шөл далаларда неше ғасыр тұрған балбал тастарға ойылып жазылған ата-бабаларымыздың ұрпағына қалдырып кеткен ұлы жазуларда жатыр емес пе?!. Халықтарды біріктіретін, ұқсастықтарды Елбасы өте жақсы біледі екен. Қазақтар мен ұйғырлар арасында, басқа да дүниені мекендеген түркішілер арасында қаншама ұқсастық бар... Иә, дініміз, тарихымызды алсақ, сөзімізге дәлел болады. Біз түркішілер Шаман, Мани, Несториан, Будда, Ислам дініне мінәжат еткен түркауи халықпыз! Шығыстың, дүние әлемінің ұлы ғалымы Махмұд Қашқари ХІ ғасырда күллі түркі халықтарының тілін зерттеп, біріктіріп, «Дивану луғат әт турк» сөздігін жазып, дүние әлемге мәшһүр болған болса, Елбасы ХХІ ғасырда сол түркауи елдердің басын қосты. Бұл керемет емес пе?! Дәстүрлерді сүйеміз. Ата-аналарымыз бен, ата-бабаларымызды қастер тұтамыз. Міне, Елбасы Кеңес дәуірінде ұмытылған ұлттық рухты тірілдірген ұлы әзиз инсан! Халықтың рухани көсемі, жаны, әзиз жүрегі – Қазақстан жазушылары! Қазақ-ұйғыр, орыс, неміс, кәріс, курд, түрік қаламдастары өзара сыйласу, тату, ынтымақ, дос бірлікте жүзіміз, ар-ожданымыз таза, жарқын болды деп биік-чоң мақтанышпен айта аламын! Біздің Қазақстан Жазушылар одағы – бауырлас әдебиеттердің де достық одағы. Достығымыздың бұл – һәм күн шуағы. Біз мұны тағы да мақтаныш етеміз. «Қазақстан халқының әдебиетіне» қолдау көрсеткен Елбасына алғысымыз шексіз. Бұндай іс-шаралар Қазақстанда жарасты өмір сүріп жатқан әртүрлі ұлт өкілдерінің әдебиеті жайында сөз болып, тәуелсіз Қазақстанның елді-мекен, аудан, облыстарында жалғасын табуда. Тәуелсіз Қазақстан – ұлттар әдебиетінің, мәдениетінің дамуы үшін қасиетті, киелі Отан. Елбасы барша адамзат ақыл-ойының інжу-маржаны, өнердің бастауы, тарихының жылнамасы болған Қазақстан халқының әдебиетіне, Отандық әдебиеттің дамуына үлкен қамқорлық жасап жатқанына ризашылығымызды білдіреміз! Елбасы айтқан Отандық әдебиет ішінде ұйғыр әдебиеті де бар емес пе деп тағы қуандық. Қазақстан жазушыларын мемлекет әрдайым қолдаса, ынталандырса, ұйғыр жазушыларын да қолдайды деген сөз деп ел ішінде, оқырман алдында ашық ұжданмен, жалпыұлттық мақтанышпен айтып келеміз. Біз, ұйғыр жазушылары ұлық тәуелсіз Қазақстан халқының интеллектуалдық мәдени және рухани байлығын арттыру жолында өзіміздің көркем-әдеби шығармаларымызбен үлкен үлес қосып келеміз. Бұл Қазақстан оқырмандарына ашық мәлім. Қазір Тәуелсіз Қазақстан ұйғыр әдебиетінде ел мәртебесіне лайық шығармалар бар. Біздің әдебиетіміз әлемдегі танымал көркем әдебиеттердің біріне айналды... Тілегім: Қазақстан ұйғыр әдебиеті – әлеуметтік, азаматтық тәжірибеге бай, идеялық жағынан әбден шыныққан кәсіби шеберлігі өскен үлкен әдебиет. Оның шығармашылық қуатына ешкім күмән келтірмейді. Қазақстан әдебиетінің өсіп-өркендеуінің сенімді кепілі екенін терең түсінеді. Қазіргі ұйғыр әдебиетінде байсалды шығармашылық күштер топтасқан нағыз талантты прозаиктер, ақындар, драматургтер, сыншылар, әдебиеттанушылар бар. Табиғаттың айырықша пейілі түскен, ерекше парасат пен ерекше рух иесі, ұлы дара тұлға, Елбасы, Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың адами-инсани саясатына ұйғыр жазушылары әрқашан қолдау көрсетуде. Қазақстан Ұйғыр жазушылары ел арасында жиі-жиі болып тұрақтылықты, тыныштықты, ынтымақ-бірлікті, бейбітшілік пен достықты, дінаралық келісімді нығайтуға өте үлкен септігі бар деп сенімді айта аламыз. Ұлы қазақ халқы бар кезде – ұлы ұйғырдың рухани байлығы, әдебиеті бар, ұйғыр әні, ұйғыр тілі бар және Қазақстан халқы арасында мәртебеміз биік көтеріледі, қазақтың рухани қазынасы – ұйғырдың ең қасиетті қазынасы. Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, тамырымыз бір Ұйғыр жазушылары, туған Қазақ Жазушыларымен мәңгі-бақи бірге жасайды. Ұйғыр қаламгерлерінің еңсесі түскен жоқ. Біз олардың осы күнге дейін көнгіш, биязы мінезді, тыңдағыш, көңіл жықпайтын ұйғыр қаламгерлері болып келгенін білеміз. Бұл – ақиқат. Бірақ... Бірақ Тәуелсіз Отанымыздың жиырма жыл ішінде бірде-бір Тәуелсіз Қазақстан ұйғыр жазушысы әдебиет бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлық, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері мәртебелі атақтарды өкінішке орай алмай келеді. Мүдделеріміз, бірлігіміз ашық, ал неге нағыз дарын – ұлт тарландарының мәртебесін көтеруге келгенде бірлігіміз жоқ. Уақыт өте тілегім өз шешімін табады деп сенемін. Қазақстанның көп тілді әдебиетінің өсіп-өркендеуіне Қазақстан жазушылар одағы басқармасының қамқорлығы арқасында болып жатқанын айтпай кетсек, әрине, әділдік болмас еді. Ұлттық әдебиетті жанымен сүйетін жоғары білімді, білікті Тәуелсіз Қазақстанның ұйғыр шығармашылық жастары қазақ, орыс, күрді жастарымен байланысы терең тамыр тартып келеді... Біз бұған қуанамыз. Елбасы Отанымыздағы қатерлі жарылыстардың бәрін өзінің қайраттылығы, батырлығы мен қаһармандылығымен тоқтатты... Рухани мұра үшін күрескер... Оның кітаптарында айтылған сөздері. Олар тамшы-тамшы болып, әр Қазақстан азаматтарының қанында, жүрегінде жүр. Ұйғыр ұлты Елбасынан рухани мықтылықты, адамгершілік пен отаншылдық үлгісі мен тағлымына мөлдір бұлақтан су ішкендей қана алады. Елбасы құм-шөл далада еліне құдық қазып берді. Халқымыз өтетін жерге алтын көпір салып берді. Жол жағасына саялы ағаш отырғызды. Олай болса, мен Елбасын қазақстандықтар үшін ең әзиз, қадірлі, құрмет-сыйлы инсани кәміл деймін. Мен мешіттерге барып, намаз оқимын. Аллаһтың үйі – байтулласыға жиналған мұсылмандармен бірге қол көтеріп: «Тәуелсіз, жаңа Қазақстанның түп-негізін қалаушы, оның тағдырына жауап беруші, қорғаушы-қорғаны тәбәрік азаматына нұр-шапағатыңды төге көр!» деп Елбасының есімін атап, Аллаһтан сұрап дұға береміз!..
Ахметжан АШИРИ, жазушы-драматург, Қазақтан Жазушылар одағы басқармасы, Ұйғыр әдебиеті кеңесінің төрағасы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. 23.10.2013 ж. Қазақ Әдебиеті № 48-49 (3369) 29.10.2013 – 05.11.2013
| |
Просмотров: 589 | |
Всего комментариев: 0 | |