Главная » Статьи » Статьи

Идикут туралы шагын пикир (автор Әлия Бөпежанова)

- Сахна өнеріміздің осы маусымдағы табыстарының бірі деп Республикалық Ұйғыр музыкалық-драма театрының «Идиқұт» қойылымын айтуға болады. Белгілі жазушы Ахмеджан Аширидің пьесасы бойынша белгілі режиссер Ялкунжан Шәмиев қойған спектакль ұйғырлардың ортағасырлық тарихының көмескілеу беттерінен сыр шертеді. Ұйғыр халқының  Шыңғысхан тарихындағы және Шыңғысханның ұйғырлар тағдырындағы орны мен ролі, яғни тарихтың бұралаң  жолдары мен ондағы кейіпкерлер тағдыры сахна заңдылықтарымен зерделенеді. Тарихтың тағлымы зерделенеді.

Екі актылы, сегіз көріністі «Идиқұт» кең тыныстылығымен, сахналық жарқын сымбатымен ерекшеленеді. Бүкіл құрамдас компоненттері - актерлік ойын, пластикалық шешім (балетмейстері Әлішер Хасанов), сценография, костюмдер (суретші Гөзел Мамединова) - үйлескен, нағыз театралды қойылым оқиғалары  екі пластта жүріп отырады. Тарихи  желі – драмалық ойында, ал, ғажайып пластикамен шешілетін аңыздық желі – ғасырлар қойнауларына жұтылып кетпей жеткен рух символындай. Бұл тұста режиссер алмастың жүзіндей етіп тепе-теңдікті ұстай білген. Мұндай күрделі де ауқымды спектакль қою – оның авторларынан тұлғалықты,  шығармашылық ұжымнан  толыққандылықты талап етеді. Ал, мұндай күрделі де көркем қойылыммен қауышу - көрермен үшін, сөз жоқ,  бүгінгі таңда сиректеу кездесетін рухани  қуаныш.

Әлия Бөпежанова. маусым, 2011

Президент және Халық газеті

 

Категория: Статьи | Добавил: Ашири (22.12.2011)
Просмотров: 663 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]